Сумамед®, ұсақталатын таблеткалар 500 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Антибиотикалық терапия

Қолданылуы
- жедел бактериялық синусит (тиісті түрде диагностикаланған); - ортаңғы құлақтың шығу тегі бактериялық жедел қабынуы (тиісті түрде диагностикаланған); - фарингит/тонзиллит (стрептококктық инфекциялар); - созылмалы бронхиттің өршуі (тиісті түрде диагностикаланған); - жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі ауруханадан тыс пневмония; - жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары, мысалы, фолликулит, флегмона және тілмелі қабыну; - көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), бірінші және екінші қатардағы антибиотиктерді (доксициклин, амоксициллин және цефуроксим аксетил) қолдануға болмайтын жағдайда (көшпелі эритемада қолдану). - асқынбаған уретрит және Chlamydia trachomatis туғызған цервицит.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сумамед® ұсақталатын таблеткаларын бір реттік тәуліктік доза түрінде қолдану керек. Ересектер, дене салмағы 45 кг және одан жоғары балалар мен жасөспірімдер: Жалпы курстық доза 1500 мг құрайды, ол 3 күн бойы күніне бір рет 500 мг-ге бөлінеді. Chlamydia trachomatis туғызған, жыныстық жолмен берілетін асқынбаған ауруларды емдеген кезде 1 г тең бір реттік доза тағайындалады. Көшпелі эритеманы емдеген кезде азитромициннің жалпы курстық дозасы 3 г құрайды және мынадай сызба бойынша енгізіледі: 1-ші күні 1 г, содан соң 2 және 5 күндері, тәулігіне бір рет, күн сайын 500 мг-ден. Дене салмағы 45 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдер: Әдетте, ұсынылатын доза тәулігіне 10 мг/кг құрайды; 3 күн бойы қатарынан бір реттік доза түрінде қолданылады (дозаның ең жоғарғы шамасы – 30 мг/кг). Бір нұсқа ретінде, дәл сол жалпы курстық дозаны 5 күнге бөлуге болады; мұндайда бірінші күні препарат 10 мг/кг дозада қолданылады, ал келесі төрт күнде – тәулігіне 5 мг/кг дозада. Балаларда жалпы курстық дозаның ең жоғарғы шамасы 1500 мг құрайды. Белгілі бір дене салмағы бар балаларда дұрыс дозалауды қамтамасыз ету үшін препараттың басқа фармацевтикалық түрлері жақсырақ сай келуі мүмкін. Қолдану тәсілі Таблетканы сұйықтықтың жеткілікті көлемінде, мысалы, суда, алма немесе апельсин шырынында (30 мл-ден кем емес) еріту керек, жоғары дисперсиялы суспензия алынғанға дейін араластырады. Пациент суспензияны жұтқаннан кейін, ыдыс қабырғасындағы қалдығын аздаған мөлшердегі суда қайтадан еріту және жұту керек. Еритін таблеткаларды тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Азитромицин

Өнім Сипаттамасы
Сумамед®, Ұсақталатын таблеткалар, әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін азитромицин бүкіл организмге кеңінен таралады. Тіндердегі концентрациясы қан плазмасындағыға қарағанда едәуір жоғары (бұл айырмашылық 50 еселік шамаға дейін жетуі мүмкін), бұл препараттың тіндермен күшті байланысатынын айғақтайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін) - күйгелектік, ұйқысыздық - бас ауыруы Жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін) - кандидоз, қынаптық инфекциялар, пневмония, зеңдік инфекциялар, бактериялық инфекциялар, фарингит, гастроэнтерит, тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар, ринит, ауыз қуысының кандидозы - лейкопения, нейтропения, эозинофилия - ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциялары - анорексия - бас айналу, ұйқышылдық, дисгевзия, парестезия - көрудің бұзылуы - құлақ тарапынан бұзылулар, бас айналуы Сирек (≥ 1/10 000 - <1/1000 дейін) - қозу Жиілігі белгісіз - жалған жарғақшалы колит - тромбоцитопения, гемолитикалық анемия - анафилаксиялық шок, оның ішінде ісіну (сирек жағдайларда өлімге әкеліп соғатын) - озбырлық, үрейлену, делирий, елестеулер - естен тану, құрысулар, гипестезия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, аносмия (иіс сезудің жоғалуы), агевзия (дәм сезудің жоғалуы), паросмия, ауыр жалған салданған миастения - естудің бұзылуы, оның ішінде кереңдік және/немесе құлақтағы шуыл

Қосымша дәрі

Сумамед, капсулалар 250 мг

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 30мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 37,5мл

View Product