Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Антибиотикалық терапия

Қолданылуы
- фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекцияларында - бронхит, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары Бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Пероральді суспензия түріндегі Сумамед® фортені тамақтануға қармастан тәулігіне бір рет қабылдайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Азитромицин

Өнім Сипаттамасы
Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалардың 50S-суббірлігімен байланысуы және полинуклеотидтер синтезіне ықпал болмаған кезде пептидтердің транслокациясын болдырмау есебінен бактериялық ақуыз синтезін тежеуде жатыр.
Жағымсыз әсерлері
Төменді тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген. Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Өте жиі - диарея • іш ауыруы • жүрек айнуы • метеоризм Жиі - анорексия - психика тарапынан болатын бұзылыстар - бас айналуы • бас ауыруы • парестезия • дисгевзия - нашар көру - кереңдік - құсу • диспепсия - қышыну • бөртпе - артралгия - бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар - шаршау - лимфоциттер санының төмендеуі • эозинофилдер санының ұлғаюы • қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі Жиі емес - кандидоз • оральді кандидоз • қынаптық инфекция - лейкопения • нейтропения - ангионевроздық ісіну • аса жоғары сезіматалдық - күйгелектік - гипестезия • ұйқышылдық • ұйқысыздық - естудің нашарлауы • тиннитус - жүрек қағуын сезіну - гастрит • іш қатуы - гепатит - Стивенс-Джонсон синдромы • жарыққа сезімталдық реакциясы • есекжем - кеуденің ауыруы • ісіну • жалпы дімкәстік сезімі • астения - АсАТ • АлАТ • қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы • қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы • қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы • қандағы калийдің аномалиялық деңгейлері Сирек • үрейлі қозу • бас айналуы • бауыр функционалдық тесттерінің аномалиялық нәтижелері • жедел жайылған экзентематоздық пустулез (AGEP)* • эозинофилиямен және жүйелік белгілермен дәрілік реакция (DRESS)* Белгісіз • жалған жарғақшалы колит • қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар • тромбоцитопения • гемолиздік анемия • иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар • анафилаксиялық реакция • зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылыстар • агрессия • мазасыздық • естен тану • құрысу • психомоторлық аса жоғары белсенділік • аносмия • авгезия • паросмия • миастения гравис • екіге бағытталған тахикардия • қарыншалық тахикардияны қоса • аритмия • гипотония • панкреатит • тіл түсінің өзгеруі • бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар • өлімге сирек әкелетін бауыр жеткіліксіздігі • шұғыл дамитын гепатит • некроздық гепатит • холестаздық сарғаю • тері және тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар • уытты эпидермальді некролиз • мультиформалы эритема • қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылыстар • бүйректің жедел жеткіліксіздігі • интерстициальді нефрит • электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы

Қосымша дәрі

Сумамед, капсулалар 250 мг

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 30мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 37,5мл

View Product

СУМАМЕД®, Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 100 мг/5 мл

View Product