Сумамед, капсулалар 250 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Антибиотикалық терапия

Қолданылуы
Сумамед азитромицинге сезімтал микроорганизмдермен туындаған келесі инфекциялық ауруларды емдеуге арналған: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекциялары - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары - тері және жұмсақ тіндер инфекциялары: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар - венерологиялық аурулар: Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау бактерияға қарсы препараттарды тиісті қолдану бойынша ресми ережелерге сәйкес жүргізілуі керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолдану тәсілі Сумамед 250 мг қатты капсулалары күніне бір рет қабылданады. Капсулаларды тұтастай жұту керек. Сумамед капсулаларын тамақтануға дейін бір сағат қалғанда немесе тамақтанғаннан кейін екі сағаттан соң қабылдау керек.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Азитромицин

Өнім Сипаттамасы
Әсер ету механизмі Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалардың 50S-суббірлігімен байланысуы және полинуклеотидтер синтезіне ықпал болмаған кезде пептидтердің транслокациясын болдырмау есебінен бактериялық ақуыз синтезін тежеуде жатыр.
Жағымсыз әсерлері
Төменде тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген. Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Өте жиі - диарея • іш ауыруы • жүрек айнуы • метеоризм Жиі - анорексия - психика тарапынан болатын бұзылыстар - бас айналуы • бас ауыруы • парестезия • дисгевзия • нашар көру • кереңдік • құсу • диспепсия • қышыну • бөртпе • артралгия • бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар • шаршау • лимфоциттер санының төмендеуі • эозинофилдер санының ұлғаюы • қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі Жиі емес • кандидоз, оральді кандидоз • қынаптық инфекция • лейкопения • нейтропения • ангионевроздық ісіну • аса жоғары сезіматалдық • күйгелектік • гипестезия • ұйқышылдық • ұйқысыздық • естудің нашарлауы • тиннитус • жүрек қағуын сезіну • гастрит • іш қатуы • гепатит • Стивенс-Джонсон синдромы • жарыққа сезімталдық реакциясы • есекжем • кеуденің ауыруы • ісіну, жалпы дімкәстік сезімі • астения • АсАТ • АлАТ • қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы • қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы • қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы • қандағы калийдің аномалиялық деңгейлері Сирек • үрейлі қозу • бас айналуы • бауыр функционалдық тесттерінің аномалиялық нәтижелері • жедел жайылған экзентематоздық пустулез (AGEP)* • эозинофилиямен және жүйелік белгілермен дәрілік реакция (DRESS)* Белгісіз • жалған жарғақшалы колит • қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар • тромбоцитопения, гемолиздік анемия • иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар • анафилаксиялық реакция • зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылыстар • агрессия, мазасыздық • естен тану, құрысу, психомоторлық аса жоғары белсенділік, аносмия, агевзия, паросмия, миастения гравис • екіге бағытталған тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса, аритмия • гипотония • панкреатит, тіл түсінің өзгеруі • бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар • сирек өлімге әкелетін бауыр жеткіліксіздігі, шұғыл дамитын гепатит, некроздық гепатит, холестаздық сарғаю • тері және тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар • уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема • қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылыстар • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит • электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы

Қосымша дәрі

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 30мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 37,5мл

View Product

СУМАМЕД®, Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 100 мг/5 мл

View Product