Сумамед, таблеткалар 500 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Антибиотикалық терапия

Қолданылуы
- фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында - бактериялық бронхитті, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар - Helicobacter pylori туындатқан асқазан және он екі елі ішектің инфекцияларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Үлбірлі қабықпен қапталған Сумамед 500 мг таблеткаларын күніне бір рет қабылдау керек. Таблеткаларды тұтастай жұту керек. Үлбірлі қабықпен қапталған Сумамед 500 мг таблеткаларын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эритеманы қоспағанда) емдегенде азитромициннің жиынтық дозасы 1500 мг құрайды, оны 3 күн бойы (500 мг күніне 1 рет) қабылдау қажет. Chlamydia trachomatis туындаған жыныстық мүшелердің асқынбаған инфекциялары кезінде доза бір реттік пероральді доза түрінде 1000 мг құрайды. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae үшін ұсынылатын доза клиникалық емдеу бойынша жергілікті ұсынымдарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірімдегі 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Азитромицин

Өнім Сипаттамасы
Әсер ету механизмі: Сумамед әсер ету спектрі ауқымды антибиотик болып табылады, азалидтердің - макролидті антибиотиктер қосалқы тобының өкілі болып табылады. Молекула азот атомының A эритомицині лактонды сақинасына қосу жолымен құрылады. Азитромициннің химиялық атауы: 9-деокси-9a-аза-9a-метил 9a-гомоэритромицин A.
Жағымсыз әсерлері
Төмендегі тізімде клиникалық зерттеулер және пост-маркетингтік бақылау тәжірибесі барысында анықталған жағымсыз реакциялар жүйе-ағза класы және жиілігі бойынша тізіп көрсетіледі. Жағымсыз реакциялар жиілігі келесі үлгіде жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1 10 дейін), жиі емес (≥ 1 1, 000><1 100 дейін), сирек (≥ 1 10, 000><1 1, 000 дейін), өте сирек (><1 10, 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Әр топта жиіліктер жағымсыз әсерлер күрделілігінің кему ретімен берілген.

Қосымша дәрі

Сумамед, капсулалар 250 мг

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 30мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 37,5мл

View Product