Сумамед, таблеткалар 125 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Антибиотикалық терапия

Қолданылуы
жолдарының инфекцияларында - бактериялық бронхитті, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар - Helicobacter pylori туындатқан асқазан және он екі елі ішектің инфекцияларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Сумамед 125 мг таблеткаларын күніне бір рет қабылдайды. Таблеткаларды бүтіндей жұту керек. Сумамед 125 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эритеманы қоспағанда) емдегенде азитромициннің жиынтық дозасы 30 мг/кг құрайды, оны 3 күн бойы (10 мг/кг тәулігіне 1 рет) қабылдау қажет.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Азитромицин

Өнім Сипаттамасы
Сумамед® 125 мг, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін азитромицин бүкіл организмге кеңінен таралады. Тіндердегі концентрациясы қан плазмасындағыға қарағанда едәуір жоғары (бұл айырмашылық 50 еселік шамаға дейін жетуі мүмкін), бұл препараттың тіндермен күшті байланысатынын айғақтайды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялар жиілігі келесі түрде жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1, 000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10, 000 <1/1, 000 дейін), өте сирек (<1/10, 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Жиіліктің әр тобында жағымсыз әсерлері күрделілігі азаю тәртібімен берілген. Өте жиі - диарея Жиі - құсу, іштің ауыруы, жүрек айнуы - бас ауыруы - лейкоциттер санының азаюы, эозинофил-дер санының артуы, қанда бикарбонат-тың азаюы, базофилдер санының артуы, моноциттер санының артуы, нейтрофил-дер санының артуы

Қосымша дәрі

Сумамед, капсулалар 250 мг

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 30мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 37,5мл

View Product