СУМАМЕД®, Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 100 мг/5 мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Антибиотикалық терапия

Қолданылуы
Фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекцияларында; бронхит, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар; Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Пероральді суспензия түріндегі Сумамед® тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет қабылданады. Препарат дозасын препаратқа қоса берілетін дозалағыш шприц немесе өлшегіш қасықпен пайдаланған кезде өлшеу қажет (баланың салмағы 15 кг дейін болғанда дозалағыш шприцті; салмағы 15 кг асқанда – өлшегіш қасықты қолдану керек). Суспензия дайындау үшін Сумамед® ұнтағы тұрған құтыға дистилденген немесе салқын қайнаған суды (ыстық емес!) қосу қажет. Шприцтің көмегімен 12 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және бір текті суспензия алғанға дейін мұқият араластырады.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Азитромицин

Өнім Сипаттамасы
Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Ішке қабылдағанда азитромицин бүкіл организмге тарайды. Азитромициннің тіндегі концентрациясы қан плазмасындағыдан едәуір жоғары (50 есе), бұл препараттың тіндермен айқын байланысын растайды.
Жағымсыз әсерлері
Төменде тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген. Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Өте жиі: диарея, іш ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм. Жиі: анорексия; психика тарапынан болатын бұзылыстар; бас айналуы, бас ауыруы: парестезия, дисгевзия; нашар көру; кереңдік; құсу, диспепсия; қышыну, бөртпе; артралгия; бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар; шаршау; лимфоциттер санының төмендеуі, эозинофилдер санының ұлғаюы, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі.

Қосымша дәрі

Сумамед, капсулалар 250 мг

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 30мл

View Product

Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 37,5мл

View Product