Силдена, таблеткалар 100 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Урология

Қолданылуы
- жыныстық қатынасты қанағаттандыру үшін жыныс мүшесін эрекцияға жеткізуге немесе оны сақтауға қабілетсіз болуымен сипатталатын эректильді дисфункцияда. Силдена тек сексуалдық стимуляцияда ғана тиімді.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішу арқылы қолдануға арналған. Силденаны тамақпен немесе онсыз қабылдауға болады. Дегенмен, тамақпен қабылдаған жағдайда Силдена әсері басталуы үшін көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Силденафил

Өнім Сипаттамасы
Силденафил-ратиофарм эректильдік функциясының бұзылуын ішу арқылы емдеуге арналған. Табиғи жағдайларда, яғни сексуалдық стимуляциялану болғанда, ол жыныс мүшесіне қанның ағып келуінің күшеюі есебінен бұзылған эректильді функциясын қалпына келтіреді. Жыныс мүшесі эрекциясының негізінде жатқан физиологиялық үдерісте сексуалдық стимуляциялау әсерімен каверноздық денедегі азот тотығының босап шығуы қамтылады. Азот тотығы гуанилат-циклаза ферментін белсенділендіреді және каверноздық дененің тегіс бұлшықет жасушаларын босаңсытып, оның қанмен толуына ықпал ететін циклдық гуанозин монофосфатының (цГМФ) мөлшерін арттырады.
Жағымсыз әсерлері
Силденаны қолданғанда тіркелген жағымсыз әсерлері олардың біліну жиілігі бойынша келесі түрде жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100- < 1/10 дейін), жиі емес ( ≥ 1/1000 -< 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000). Өте жиі - бас ауыру Жиі - бас айналу • түсті ажыратып көрудің бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көрудің бұзылыстары, анық көрмеу • гиперемия, қан кернеулері • мұрын бітелуі • диспепсия, жүрек айнуы Жиі емес • ринит • аса жоғары сезімталдық • ұйқышылдық, гипестезия • көздің жасы ағуына байланысты бұзылулар (көз құрғақтығы, көз жасы безінің функциясы бұзылуы, көз жасы ағуының артуы) • көз ауыруы • фотофобия • фотопсия • көз тамырларының гиперемиясы • көрудің айқын болуы • конъюнктивит • көздің артқы камерасындағы қан кетулер 28.06.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.13.2) • кеңістіктегі бағдардан жаңылу (вертиго) • құлақтағы шуыл/шыңылдау • тахикардия, жүрек қағуын сезіну • артериялық гипертензия • артериялық гипотензия • мұрыннан қан кету • мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі • іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы • гастроэзофагеальді рефлюксті ауру • құсу • ауыз құрғауы • бөртпе • миалгия, аяқ-қол ауыруы • гематурия • кеуденің ауыруы • қатты қажу • ысыну сезімі • тахикардия (жүрек жиырылуының жоғары жиілігі) Сирек • ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлы ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы * • естен тану • көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық нейропатиясы* • торқабық тамырларының окклюзиясы* • торқабыққа қан құйылуы • артериосклероздық ретинопатия • торқабық аурулары • глаукома • көру аумағының ақауы • диплопия • көру өткірлігінің төмендеуі • миопия • астенопия • шыны тәрізді дененің беткейлік бұлыңғырлануы • нұрлы қабықтың аурулары • мидриаз • көру аумағында нұрлы дөңгелектер болуы • көз ісінуі • көздің домбығуы • көру бұзылыстары • конъюнктивалық гиперемия • көз тітіркенуі • көздегі ерекше сезінулер • қабақ ісінуі • ақ қабық түсінің өзгеруі • кереңдік • жүректен кенеттен болатын өлім* • миокард инфарктісі • қарыншалық аритмия* • жүрекше фибрилляциясы • тұрақсыз стенокардия • тамақтағы қысылу сезімі • мұрын ісінуі • мұрын шырышының құрғауы • оральді гипестезия • Стивенс • Джонсон синдромы * • уытты эпидермальді некролиз* • жыныс мүшесінен қан кету • приапизм* • гематоспермия • эрекция күшеюі • ашушаңдық *тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде тіркелген жағымсыз әсерлері. Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлаудың үлкен мәні бар. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасының мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлер және пациенттер медициналық қолдану бойынша берілген нұсқаулықтың аяғында көрсетілген мекен-жай бойынша кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлауын сұрайды.

Қосымша дәрі

Силдена, таблеткалар 50 мг

View Product