Назарел-Тева, 50 мкг/доза, мұрынға арналған дозаланған спрей

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Тыныс алу жүйесі

Қолданылуы
- маусымдық аллергиялық риниттер (пішен қызбасын қоса алғанда) мен жыл бойғы риниттердің профилактикасы және емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Құтыны сілкіңіз және шаңнан қорғаушы қақпақты алып қойыңыз. Мұрын қуысын жақсылап тазалаңыз. Мұрынның бір жолын саусақпен басып тұрып, келесі мұрын жолына спрейдің ұштығын енгізіңіз. Құты тік қалыпта қалатындай етіп, басыңызды аздап еңкейтіңіз. Аэрозолдің сыздықтап ағуы үшін мұрынның ашық жолы арқылы баяу тыныс алыңыз және бір мезгілде ұштықтың қамытын саусақтың күшімен төмен қарай басыңыз. Тынысты ауыз арқылы шығарыңыз. Дәрігер тағайындаған дозаның тиісті мөлшерін алу үшін қажетті мөлшерде қайталаңыз. Келесі мұрынға да осындай емшара жүргізіңіз. Аппликаторды пайдаланып болғаннан кейін оны таза матамен сүртіп, шаңнан қорғаушы қақпақты орнына орналастырыңыз.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Флутиказон

Өнім Сипаттамасы
Назарел-Тева - жергілікті қолдануға арналған глюкокортикостероид, қабынуға қарсы, сондай-ақ ісінуге қарсы және аллергияға қарсы күшті әсер ететін препарат. Қабынуға қарсы әсері препараттың глюкокортикостероидтар рецепторларымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асады. Жуан жасушалардың, эозинофильдердің, лимфоциттердің, макрофагтардың, нейтрофильдердің пролиферациясын бәсеңдетеді. Флутиказон аллергиялық реакцияның ерте және кешеуілді фазасы кезінде қабыну медиаторлары мен басқа да биологиялық белсенді заттардың (гистамин, простагландиндер, лейкотриендер, цитокиндер) өндірілуін азайтады. Науқастың бронходилятаторлар әсеріне реакциясын қалпына келтіріп, оларды қолдану жиілігін азайтуға мүмкіндік береді. Мұрынның шырышты қабығына тез қабынуға қарсы әсер көрсетеді, ал оның аллергияға қарсы әсері алғаш қолданғаннан кейін 2-4 сағаттан соң-ақ көрініс береді. Түшкіруді, мұрынның қышуын, тұмауратуды, мұрын бітелісін, қосалқы қойнаулар аумағындағы жағымсыз сезімдерді және мұрын мен көз айналасындағы қысымды сезінуді азайтады. Бұдан басқа, аллергиялық ринитпен байланысты көз симптомдарын жеңілдетеді. Симптоматика айқындылығының (әсіресе, мұрын бітелісінің) азаюы спрей 200 мкг дозада бір рет енгізілгеннен кейін 24 сағат бойы сақталады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі • бас ауыру • дәмнің бұзылуы • иісті сезінудің өзгеруі • мұрынның құрғауы және тітіркенуі • тамақтың құрғауы және тітіркенуі Сирек • бронх түйілуі • анафилаксиялық реакциялар • анафилактоидты реакциялар Өте сирек • терінің жоғары сезімталдығы • ісінулер (көбіне бет пен ауыз-жұтқыншақтың) • глаукома, катаракта • мұрыннан қан кету • мұрын қалқасының тесілуі • тері-шырышты қабықтың ойық жаралануы • әдетте бұрын мұрын қуысы аймағына операция жасаған пациенттерге • көзішілік қысымның жоғарылауы

Қосымша дәрі

Амбробене-Тева, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2.0 мл

View Product

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 100 мкг/доза;

View Product

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 250 мкг/доза

View Product

Насобек, спрей 50 мкг/доза

View Product