Фозикард, таблеткалар 10 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Кардиология

Қолданылуы
- артериялық гипертензия - жүрек жеткіліксіздігі (қажет болса, диуретиктермен (калий жинақтау әсерінсіз) және оймақгүл препараттарымен біріктірілген ем құрамында)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Дозалануы әркімге жеке таңдалуы тиіс. Артериялық гипертензияны емдеуде, мүмкіндігінше, Фозикард қабылдау басталғанша бірнеше күн бұрын басқа гипертензиялық дәрілер қабылдауды тоқтату қажет.



Product Details

Белсенді зат/ХПА
Фозиноприл

Өнім Сипаттамасы
Фозиноприл – ангиотензин конвертациялаушы фермент (АКФ) тежегіші, ізашар дәрі болып табылады. Ішке қабылдаудан кейін фозиноприлден I ангиотензиннің тамыр тарылтатын зат – IІ ангиотензинге өзгеруін бөгейтін белсенді метаболит – фозиноприлат тез және толық түзіледі, бұл вазодилатацияға, альдостерон секрециясы төмендеуіне әкеліп, қан сарысуында калий мөлшерінің аздап артуын, натрий мөлшерінің төмендеуін туындатуы мүмкін. Гипотензиялық, вазодилатациялаушы, диурездік және калий жинақтаушы әсер көрсетеді. Жалпы шеткері кедергіні және жүйелі артериялық қысымды төмендетеді. Тіндік АКФ тежеуге де қабілетті. Гипотензиялық әсері айқын тамыр кеңейту әсеріне иелік ететін брадикинин ыдырауын бәсеңдетуге де себеп болады. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде фозиноприлдің жағымды әсерлері негізінен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін бәсеңдету нәтижесі болып табылады; АКФ тежелісі жүрекке түсетін алдыңғы жүктеме мен кейінгі жүктеменің азаюына алып келеді. Артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі айналымдағы қан көлемінің, ми және бүйрек қан ағымының, ішкі ағзалардың, қаңқа бұлшықеттерінің, терінің қанмен қамтылуының, миокард белсенділігінің өзгеруімен қатар жүрмейді. Бір рет ішке қабылдаудан кейін гипотензиялық әсері 1 сағат ішінде дамып, 3-6 сағат өткенде жоғары шегіне жетеді және 24 сағат бойы сақталады.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі былайша бағаланады: «өте жиі» – > 1/10, «жиі» – > 1/100-ден < 1/10 дейін, «кейде» – > 1/1000-нан < 1/100 дейін, «сирек» – > 1/10000-нан < 1/1000 дейін, «өте сирек» – < 1/10000. Жиі • жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары • фарингит • ринит • вирустық инфекциялар • көңіл-күйдің өзгеруі • ұйқы бұзылыстары • бас айналу • бас ауыру • парестезия • көру қабілетінің бұзылыстары • аритмия• жүрек қағу • стенокардия • гипотензия • ортостаздық гипотензия • жөтел • синуситтер • жүрек айну • құсу • диарея • іштің ауыруы • диспепсия • іштің кебуі • дәм сезу түйсіктерінің бұзылуы • тері бөртпесі • қаңқа-бұлшықет ауыруы • миалгия • несеп шығару бұзылыстары • сексуалдық бұзылыстар • шаршау • кеуденің ауыруы • ісінулер • астения Жиі емес • естен тану • шок • ангионевроздық ісіну Жиілігі белгісіз • пневмония • ларингит • трахеобронхит • эозинофилия • лейкопения • лимфоаденопатия • нейтропения • тәбет бұзылыстары • салмақтың құбылуы • подагра • гиперкалиемия • депрессия • мінез-құлық бұзылулары • сананың шатасуы • ми инфарктісі • транзиторлы ишемиялық шабуыл және ми қан айналымының жедел бұзылуы • тремор • тепе-теңдік бұзылуы • есте сақтаудың нашарлауы • ұйқышылдық • құлақтың ауыруы • құлақтың шыңылдауы • тахикардия • тыныс алудың тоқтауы • миокард инфарктісі • жүректің тоқтап қалуы • жүрекішілік өткізгіштіктің бұзылуы • ысынып кету • гипертониялық криз • геморрагия • шеткері артериялар аурулары • парадоксальді гипертензия • ентігу • бронх түйілуі • өкпедегі қан іркілісі • дисфония • мұрыннан қан кету • панкреатит • тілдің ісіп кетуі • дисфагия • іш қату • ауыздың кеберсуі • гепатит • бауырдың функционалдық сынама өзгерістері • гипергидроз • қышыну • дерматит • бұлшықеттің әлсіреуі • артрит • бүйрек жеткіліксіздігі • қуық асты безінің аурулары

Қосымша дәрі

Атенолол-Тева, таблеткалар 25 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 10 мг

View Product

Бисопролол-Тева, таблеткалар 5 мг

View Product

Клопидогрель-Тева, таблеткалар 75 мг

View Product